ФІҰжБ кафедрасының "Атамекен" ҰКП өкілімен кездесуі

27.09.2021 ж. ФІҰжБ кафедрасының меңгерушісі, ф. ғ.д., профессор К.Д. Шертаевамен "Атамекен" ҰКП ДРУК кәсіпкерлік негіздері бойынша жобалық кеңсенің басшысы Н. Е. Жұлдызбаевпен фармацевтикалық бизнеске кәсіпкерлік қызмет негіздерін енгізу мәселелері бойынша кездесу өтті.

2011 жылдан бастап ФІҰжБ кафедрасы "фармацевтикалық логистика және кәсіпкерлік қызмет негіздері" пәнінің құрамына кіретін кәсіпкерлік қызмет негіздеріне сабақ жүргізеді.

Кафедрада фармацевтикалық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі мәселелерін көрсететін 2019 жылы жарыққа шыққан, Шертаева К.Д., Блинова О.В., Шимирова Ж.К., авторларының «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» оқулығы бар.

Н.Е. Жұлдызбаев оқулықтың мазмұны заманауи фармацевтикалық нарықтың талаптарына сәйкес келетінін атап өтті.

29.09.2021, 20:49
461 қаралым