ФІҰжБ кафедрасында ЖШС «Зерде-Фарма» ішкі жаттықтырушысы Т.Р. Аудековамен онлайн кездесу

29 қазан күні, ФІҰжБ кафедрасында фармация факультетінің 2-курс, қыскартылған оқу бөліміндегі 3-курс, жақын шетел топтарындағы, жалпы 87 білім алушыларына және ФІҰБ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына «Зерде-Фарма» ЖШС маманы Аудекова Тазагуль Римовна, «Этика взаимоотношений с клиентом» тақырыбы бойынша ZOOM платформасында онлайн коммуникативті дағдылар және этика негіздері пәнінен дәріс өткізді.

Дәрісте медициналық деонтология медицина қызметкерлері қызметінің моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен, олардың туыстарымен, әріптестерімен өзара қарым-қатыстары туралы айтылды.

02.11.2021, 21:57
528 қаралым