ФіҰжБ кафедрасының докторанттары мен магистранттарының Өзбекстандағы ғылыми-практикалық конференцияға қатысуы туралы

Самарқанд қаласында 2024 жылдың 17-18 мамыр аралығында медициналық жоғары оқу орындарының студенттері мен жас ғалымдарының арасында "Іргелі, қолданбалы медицина мен Фармацияның жетістіктері"атты жыл сайынғы 78-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға жақын және алыс шет елдердің 78 жоғары оқу орнынан 1729 қатысушы тіркелді.

Конференция жұмысы 25 тақырыптық бағыт бойынша жүргізілді. Өзбекстанның, Еуропаның және Азияның 78 жоғары медициналық мектептері мен ғылыми-зерттеу институттарынан студенттер мен жас ғалымдардың 1200 баяндамасы мен 215 жобасы ұсынылды. Конференция жұмысына онлайн және офлайн режимде барлығы 2000-нан астам адам қатысты.
Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы мен "Фармация ісін ұйымдастыру және басқару” кафедрасынан "жас ғалымдар конкурсы" секциясында "Фармация" мамандығы бойынша 1 жыл оқыған докторант Мария Сапарғалиқызы Бубешованың "Фармацевтикалық ұйымның ұтымды менеджмент стратегиясын әзірлеу туралы"тақырыбында баяндамасы ұсынылды. Бұл секцияда Мария Бубешова 2 жүлделі орынға ие болды.
Сондай-ақ, "№1 Фармация" секциясында 1-ші оқу жылының магистранттары: Башарова Сымбат 1-орын, Бесембаева Дана 2-орын Ерсайынова Аян жүлделі 3-орындарды иеленді(ғылыми кеңесшілер: профессор К. Д. Шертаева, м. ғ. к., асс.профессор Блинова О.в.). Қатысушылар жеңімпаз дипломын және естелік сыйлықтарын алды.
СамМУ ректоры проф. Ж. А. Ризаев ОҚМА ректоры М.М. Рысбековке университеттердің одан әрі халықаралық ынтымақтастығына үміт пен тілек білдірген алғыс хатын жолдады.

24.05.2024, 16:49
292 қаралым