ФІҰБ кафедрасында БММУ шақырылған профессоры туралы
2024 жылдың 13 мамыры мен 21 мамыры аралығында «ОҚМА» АҚ Визитинг бағдарламасы аясында Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасына Уфа қаласындағы Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің фармацевтика менеджменті және экономикасы кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Ибрагимова Г.Я. келді.
Профессор бекітілген жоспарға сәйкес «Фармацевтикалық өнеркәсіп технологиясы» мамандығы бойынша бакалавриат студенттеріне «Фармацевтикалық кәсіпорында пайда алу» тақырыбында дәріс оқып, фармацевтикалық өнеркәсіп технологиясы студенттеріне тәжірибелік сабақтар жүргізді.
Сонымен қатар, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттары мен докторанттарына «Фармацевтикалық ұйымдардағы коммуникацияларды басқару» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.