«Филин»- фармацевтикалық интернационалдық инновация лагері
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының фармация факультетінің 5-курс студенттері 2016 жылдың 23-30 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясы, Ярославль қаласында «ФИЛИН» фармацевтикалық интернационалдық инновация лагерінде оқудан өтті.
Бұл халықаралық лагерге Ресей, Беларусь және Қазақстанның 29 жоғары оқу орындарынан студенттер қатысты.
Біздің ЖОО Қазақстан Республикасын алғашқы рет өкілдік етті! Біздің академия атынан Сапахова Лаура, Аубакирова Аделя және Айдарбек Ердәулет барвп келді.
«Филин» лагері – фармацевтикалық жүгіну және дәрілік заттарды өндіру өзекті мәселелері бойынша бітіруші студенттерге арналған апталық білім беру бағдарламасы. Бұл жеті күн ОҚМФА студенттері үшін өте жемісті болды. Студенттер теориялық материалды және баға жетпес тәжірибелік дағдыларды меңгерді. Осы бағдарлама барысында, олар әдетте жұртшылық үшін жабық бірегей фармацевтикалық нысандарды аралады.
Оқу бағдарламасы екі бағыттан тұрды: «Дәрілік заттарды өндіру технологиясы» және «Фармацевтикалық маркетинг және менеджмент». Оқу бағдарламасы барысында студенттер өндіріске барды, шақырылған сарапшылар мен салалық көшбасшылар дәрістер, семинарлар, конкурстар, тренингтер өткізді.
ОҚМФА басшылығы осындай қызықты және пайдалы іс-шараға қатысуға біздің студенттерімізге мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысты білдіреді!
«ФИЛИН» лагерінің ресми ашылуы, Ярославль қаласы
«VIALEK CTD» компаниялар тобының президенті – Александр Александров. “Тіркеу дерекнамасы материалдарының негізінде дәрілік препараттың өмірлік циклын бағалау. CTD”
И.Парамонов, АҚ «Фармославль» бас директоры
HR-сессиясы. Табысты ізденуші - 2016: Ол қандай? «Р-Фарм» компанияның вице-президенті И.А.Семенов. «Р-Фарм» байқауында жеңіс.
«Teva» компаниясының күні. Инновациялық семинар-ойын.
«Teva» зауыты, Ярославль қаласы
Препараттың инновациялық формаларын дамыту үшін бәсекелестікте 1-ші орын.
«ФИЛИН» лагерінің жабылуы.