Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында кәсіби біліктілікті арттыру
10.10.2019 фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында профессорлық-оқытушылық құрамы үшін "Дәріхананың пайдалылығын арттыру мүмкіндіктері" тақырыбында мастер-класс өтті. Мастер-классты Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің фармацияны басқару және экономикасы, медицина және фармацевтика тауартану курсымен кафедрасының меңгерушісі,профессор Г.Я. Ибрагимова өткізді. Мастер-класс тақырыбы тәжірибелік фармацевтикалық қызметкерлер үшін де, "Фармацияны басқару және экономикасы" пәні бойынша студенттерді оқытуды жүзеге асыратын оқытушылар үшін де өзекті.
Қаралған сұрақтар аудиторияның қызығушылығын тудырды, және осы мәселе пікір таластық атмосфераның туындауына ықпал етті. Мастер-класс біліктілікті арттыру циклі аясында өткізілді.
11.10.2019,
07:23
