ФАРМАЦИЯ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫНДА "ФАРМАЦИЯ" МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІ ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ҮЛГІСІ ТУРАЛЫ

2019 жылы 15 қарашада фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында " Фармацевтикалық қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар" тақырыбы бойынша дәріс-семинар өтті.

1459 1

Семинар-дәрісті Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Тағыбаев Дәулет Орынбайұлы, "Europharma" ЖШС тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Дүйсебеков Ілияс Шардарбекұлы жүргізді.

1459 2

Дәріс-семинарға "Фармация" факультетінің деканат өкілдері, 3,4,5 курс студенттері кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, "Фармация"факультетінің қатысты.

1459 3

Дәріс-семинар фармацевтикалық қызметте нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдану бойынша негізгі мәселелерге арналды. Дәрілік заттарды рецептуралық босатуға қатысты негізгі бұйрықтар мұқият талқыланды. Дәріс-семинар үлкен қызығушылық тудырды, осыған байланысты дәріскерлер тыңдаушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

19.11.2019, 05:23
311 қаралым