Фармация факультетінде қашықтықтан оқыту үдерісі

Короновирус жұқпалы ауруын таралуын алдын алу мақсатында фармация факультетінде оқу процесі қашықтықтан оқыту технологиясына көшірілді. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың ережелері және талаптарымен барлық қатысушылар таныстырылды.

1514 1

Қазіргі таңда оқу процесін сабақ кестесіне сәйкес кафедралар электрондық платформаларды және басқа да қосымша көздерді (Платонус, ZOOM, Whatsapр, скайп, электрондық пошта және т.б.) қолдану арқылы онлайн түрінде бейне-дәрістер, практикалық-зертханалық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмыстары өткізілуде. Оқу материалдары, соның ішінде электрондық оқу әдістемелік кешендер, электрондық білім ресурстары (әдебиеттер, силлабустар, лекция және семинар материалдары, тапсырмалар, бейне-материалдар т.б.) электрондық платформаларға енгізілген және білім алушылардың пайдалануына мүмкіндік жасалған.

1514 2

Факультетте тіркеу бөлімінің қызметкерлер және деканат тарапынан қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша жүргізіліп отырған оқу процесіне күнделікті мониторинг жүргізіледі. Мониторинг барысында оқытушылардың сабақты өткізуі мен сапасы, студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгерімі және туындаған өзекті мәселелері қарастырылады.

1514 3

19.03.2020, 21:47
376 қаралым