Фармацевттерді дайындаудағы мемлекеттік талаптарды жүзеге асырудың халықаралық тәжірибесі
Фармацевтика факультетінің қызметкерлері, студенттері және магистранттары назарына Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының және И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік университетінің фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедраларының ұжымымен бірлесіп жасалынған «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» оқу-әдістемелік құралын «ГЭОТАР-Медиа» (Мәскеу, РФ) баспа тобы арқылы басылып шығарылғанын хабарлаймыз.
Оқу құралы тәжірибелік тапсырмалардан, теориялық негізден және физико-химиялық талдау әдістері бойынша мастер-класстардан, дәрілік заттың сапасын бақылауға және қауіпсіздігіне қойылатын заманауи нормативті құжаттардың талаптарынан тұрады. Оқу құралы материалдары Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде «Фармация» мамандығы бойынша «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесінің бағдарламасына сай.