Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының тәжірибесі

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқытушылары қашықтықтан оқыту технологиялары жүйесінде бір уақытта Platonus және Zoom платформаларында студенттерді толық оқыту және олардың білімін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында сабақтар өткізеді.

1512 1

Ол үшін барлық топтарға алдын ала әдістемелік құжаттардың толық пакеті, дәріс презентациялары, оқыту материалдары жіберіледі. Зертханалық сабақтарды өткізу үшін кафедрада Қашықтықтан оқытудың тиімділігін қамтамасыз ететін бейнематериалдар, бейнероликтер дайындалды.

1512 2

Студенттердің сабақтарға уақытылы қосылуы, материалды талдауы, оқытушының сұрақтарына жауап беруі, сабақ тақырыбын талқылау кезінде өзара қарым-қатынас жасай отырып, қашықтықтан оқытуға деген белсенділігі мен қызығушылығын атап өткен жөн.

1512 3

18.03.2020, 10:04
314 қаралым