Фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған білім беру олимпиадасы

ҚР президенті Н.Назарбаев өзінің баяндамаларында 21 ғасыр бұл - білім бәсекелестігінің ғасыры,сондықтан елге заманауи ойлайтын, Қазақстанды тек алға жетелейтін адамдар керек деп бірнеше рет атап айтқан.Осыған байланысты 2017 жылдың 13 сәуір күні фармацевтикалық факультеттің 4 курс студенттері үшін халықаралық қатысумен «Дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім беру олимпиадасы өтті.Олимпиаданы «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару», «Дәрілер технологиясы» кафедралары ұйымдастырды.

967 1

Олимпиада мақсаты- ең ақылды, қабілетті және дарынды студенттерді таныту.Олимпиадаға қатысу үшін фармацевтикалық факультетінің 4 курс студенттері алдын-ала тестілеуден 20 студент іріктеліп,одан 4 топ құрылды.Қатысушылар құрамында тек ОҚМФА студенттері ғана емес, ОҚМФА-да ұтқырлық бойынша оқып жатқан БММУ(Башкортостан,УФА), Қазақстанның басқа қалаларының (Астана,Қарағанды,Семей,Алматы) студенттері де кірді.  Қатысушылардың жауаптарын бағалау үшін әділ-қазылар алқасы құрылды,құрамға кәсіби бейімдеуші кафедралардың меңгерушілері,тәжірибелік фармация қызметкерлері кірді.Олимпиадаға оқу бөлімінің өкілдері,факультет деканы қатысты.

967 2

Олимпиада сәтті өтті.Топтар теориялық білімдерін,қажетті тәжірибелік дағдыларын  және жеңіске деген талпыныстарын көрсетті. Жарыс нәтижесінде ақтық мәреге 2 топ жетті.Үш кезең нәтижелері бойынша ең жоғарғы ұпай (69) жинаған «Люксфарм» (топ басшысы Рысқұл Қанағат, 401 ФКБ) тобының қатысушыларына I дәрежедегі диплом,естелік сыйлықтар берілді.67 ұпай жинаған «Альфа» (топ басшысы Лебедева Афина, 406 ФРБ) тобының қатысушыларына II дәрежедегі диплом,естелік сыйлықтар берілді. Олимпиаданың қалған қатысушылары сертификаттарға ие болды. Әділ-қазылар алқасының мүшелері барлық қатысушыларды құттықтады.

14.04.2017, 06:15
400 қаралым