Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында дуальды оқыту – білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру құралдарының бірі ретінді

«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасында қолданылатын дуальды оқыту жүйесі «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру және фармация тарихы» пәні бойынша кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру және оқу нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында кафедра мен фармацевтикалық ұйымдарының өзара әрекеттестігіне негізделген. «Рецепт» ЖШС базасында «Фармация» мамандығының 3 курс студенттеріне «Дәріханалар жағдайында дәрі-дәрмек дайындауды ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибелік сабақтар өткізілді.

В-ФҚБ-02-21 тобының білім алушылары дәріхана жағдайында, оның ішінде асептикалық жағдайларда дәрілік формаларды дайындауды ұйымдастырылуымен танысты. Сондай-ақ, білімалушылар дәрілік формаларды өндіру және дәріханаішілік дайындауды жұмыстарын ұйымдастыру бойынша қызметкерлердің қызметтік міндеттерімен танысты. Экстемпоральды рецептураны және дәріханаішілік дайындау бойынша құжаттау жүргізді.

06.11.2023, 12:44
375 қаралым