«ФАРМАЦИЯ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ СЕЙТКӘРІМ НҰРСАЯ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІНЕН МАРАПАТ АЛДЫ
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессор міндетін атқарушы, әлеумет.ғ.к., М.А. Ертаевтың жетекшілігімен «Фармация» факультетінің студенті Сейткәрім Нұрсая Жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауға белсенді қатысып, «Студенттердің девиантты (ауытқушылық) мінез-құлқын зерттеу» тақырыбында үздік ғылыми жұмыс жасап, оның нәтижесінде ғылыми мақала жазды. Нұрсаяны Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Қ. Ерғалиев III-дәрежелі дипломмен марапаттады.
Сейткәрім Нұрсаяны жеңісімен құттақтай отырып, шығармашылық табыс пен жеңістерінің көп болуын тілейміз.
Ізгі тілекпен, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары
