Фармация факультетінің білім алушылары арасындағы ағартушылық жұмысы
2022 жылғы қыркүйекте Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына өз жолдауында сапалы білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлді: «Білім алушылар арасындағы тәрбие жұмысын арттыру, дарынды жастарды қолдау, отандық ғылымды дамыту... Қазақстанда сапалы білім берудің берік іргетасын құру үшін пысықталуды қажет ететін нәрселер».
2022-2023 оқу жылының басынан фармация факультетінің деканы тіркеу кеңсесімен бірлесіп, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары басқармасымен «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат білім алушылары арасында оқу-ағартушылық және тәрбие жұмыстарын жүргізеді (ОҚМА-ның Академиялық саясатымен https://skma.edu.kz/ , ОҚМА-ның Ішкі ережелерімен және т.б танысуға болады).
ОҚМА әкімшілік өкілдері келесілерді түсіндірді:
- білім алушылар ОҚМА-ның Академиялық саясатына енгізілген ережелерді сақтауға және университеттің Академиялық адалдық кодексінде белгіленген академиялық адалдықтың кез келген көріністеріне жол бермеуге міндетті;
- ОҚМА барлық білім алушыларға тең мүмкіндіктердің берілуіне кепілдік береді және ерекше қажеттіліктері бар білім алушыларды нәсіліне, ұлтына, этникалық тегіне, дініне, жынысына, сондай-ақ, әлеуметтік жағдайына, отбасылық жағдайына, физикалық мүмкіндіктеріне, жасына байланысты немесе басқа субъективті критерийлер бойынша кемсітпейді.
Студенттер оқу жетістіктерін бағалауды бақылау түрлерімен, ауысу, оқудан шығару және қайта қабылдану саясатымен, ауыстырылатын GPA баллдарымен, емтихандарды ұйымдастыру және өткізу ережелерімен, жатақханада тұру ережелері туралы, оқу ақысын төлеу шарттары бойынша толығырақ, түпкілікті таныстырылды.
«Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат білім алушылары арасында оқу- ағартушылық және тәрбие жұмыстары студенттер арасында тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.