«Фармация» факультеті деканатының 1-курс білім алушыларымен жиналысы

Қыркүйектің 25-күні 2023 ж. «Zoom» платформасында қашықтан «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» ББ 1-курс білім алушыларымен «Фармация» факультеті деканатының қызметкерлерімен жиналыс ұйымдастырылды. Өткізілген жиналыстың мақсаты білім алушыларды оқу үрдісі барысымен таныстыру, ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру сонымен қатар білім алушыларды қызықтыратын сауалдарға жауап беру болды. «Фармация» факультеті декан орынбасарлары Сапақбай М.М. және Козыкеева Р.А. білім алушылардың оқу үдерісі және үлгерімі жайында түсіндірме мәліметтерін берді сонымен қатар тәрбие тал бесік демекші, тәрбиесіз білім жетім дегендей басты назарды тәрбиеге бөлу, академияның ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау, білім алушылардың міндеттері мен жауапкершіліктері, құқықтарын атап өтті. Деканат қызметкерлері «Фармация» ББ 1 - курс білім алушыларына жауапты аға әдіскер Дүйсебаева Г.Н. білім алушылардың сабақтан қалмау қажеттігін, ауырып қалса анықтаманы уақытылы деканатқа әкелу қажеттігін түсіндірді, «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» ББ 1-курс білім алушыларына жауапты аға әдіскер Абдубекова Ж.М. білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Студенттік ректор, «ФӨТ» ББ 4-курс білім алушысы Чапай Нуршат және студенттік декан, «ФӨТ» ББ 2-курс білім алушысы Шайзанда Аяулым білім алушылармен таныстырылып тығыз жұмыс істеуге кірісті.

03.10.2023, 15:52
299 қаралым