«Фармация» факультеті бітіруші түлектерінің 2022-2023 жж. қорытынды аттестацияға дайындығы жайында

23.05.2023 ж. «Фармация» факультеті деканы, деканат қызметкерлері және «Дәрілер технологиясы», «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия», «Фармация ісін басқару және ұйымдастыру», «Фармакогнозия» кафедраларының оқу ісі меңгерушілерімен бірге бітірушілерге кеңес беретін оқытушылар «Фармация» БББ бітіруші 5 курс білім алушыларына және «Фармация» БББ қысқартылған оқу түрінің 3 курс білім алушыларына қашықтан ZOOM платформасында тәуелсіз қорытынды аттестаттау және ОҚТЕ ережелерін түсіндіру бойынша кезекті кездесу өткізілді.
Кездесу барысында тестілеуге арналған нұсқаулық, жеке тұлғаны сәйкестендіру және прокторинг жүйесі бойынша нұсқаулық, қорытынды аттестаттау кестесі, білім алушыларға қойылатын талаптар және бітіруші кафедралардың пәндер бойынша консультация беру туралы ақпараттар айтылып өтті. Бітіруші білім алушылардың сұрақтарына жауап берілді.

29.05.2023, 17:10
491 қаралым