ФАРМАЦИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 1, 2 КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНА АКАДЕМИЯДА ЕНГІЗІЛЕТІН ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН GPA - ЖҮЙЕСІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПТЕРІН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

11.02.25 ж. академия акт залында жастар саясаты бөлімі және «Фармация» факультеті деканатының ұйымдастыруымен «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» БББ бойынша оқитын 1, 2 курс білім алушыларына, жастар саясаты бөлімі қызметкерлері академияның 1, 2 курс білім алушыларына арналып ендіріліп жатқан Интеграцияланған GPA жүйесімен жұмыс жасау ережесі және Интеграцияланған GPA жүйесінің білім алушыларға қажеттілігі бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Сонымен қатар кездесу барысында деканат қызметкерлері білім алушыларға сабаққа қатысу ережелері, аралық бақылау №1, №2 тапсыру, емтихандық сессия тапсыру және FX, F, бағалары және ОҚМА-да үлгерімнің GPA бойынша 1-2 курсқа (2,0), 2-3 курсқа (2,1) көшірудің өтпелі балдары, білім алушылар келесі курсқа академиялық қарызсыз өту керек екені, білім алушылардың деканаттан өтем парақтарын алу және қайта өткізілуі, жазғы семестрді оқу, пәнді қайта оқып болған соң емтиханды тапсыру туралы айтылды. Білім алушыларға «ОҚМА-сыбайлас жемқорлықтан тыс» сауалнамасын Platonus бағдарламасында өту керек екені ескертілді.

21.02.2025, 12:16
35 қаралым