Фармацевтикалық және химия-токсикологиялық зерттеулердің басым бағыттары

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы Жас ғалымдар мен студенттердің Екінші Форумы аясында өткен «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің XI халықаралық конференциясы және Start-Up жобаларының конкурсына белсенді қатысты.

Пленарлық отырыста біздің серіктес жоғары оқу орындарымыздың бірінші басшыларының баяндамалары тыңдалды. Тегерандағы Ш.Бехешти атындағы медициналық университеттің Фармация мектебінен профессор Ф.Ширази өзінің баяндамасында дәрілерді жеткізуде нанотехнологияларды пайдалану және олардың тиімді қолданылуы: биоүйлесімділік, биодеградацияға қабілеттілік және функционалдық жарамдылық, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтты.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы биыл JSS Academy of Higher Education & Research (Ути, Үндістан) ЖОО-мен Меморандум аясында ғылыми зерттеулер бойынша тәжірибе алмасуды белсенді түрде іске асыруда. JSS Academy of Higher Education & Research (Ути, Үндістан) Фармацевтика колледжінің TIFAC CORE Өсімдік дәрілік құралдары орталығының координаторы және жетекшісі доктор Р. Шанмунгам фитопрепараттарды жасау және стандарттау стратегиялары туралы баяндама жасады.

Гибридті форматта өтіп және Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Үндістан және Қазақстанның ЖОО: И. М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті (Мәскеу, РФ), Ш. Бехешти медицина университеті (Тегеран, ИРИ), Жоғары білім және зерттеулер академиясы (Ути, Үндістан), Ташкент фармацевтикалық институты, И.Қ. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы (Бішкек, ҚР), Абуали Ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті (Душанбе, ТР), "Астана" МУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері, магистранттары мен докторанттарынан тұратын қатысушылар мен тыңдаушыларды жинаған кафедраның «Фармацевтикалық және химия-токсикологиялық зерттеулердің басым бағыттары» секциялық мәжілісінде де қызықты жұмыстар болды.

Секциялық отырыста белсенді фармацевтикалық субстанциялар мен табиғи және синтетикалық тектес дәрілік препараттардың сапасын бақылау және стандарттау зерттеулері, химия-токсикологиялық зерттеулер, фармацевтикалық экология мәселелері, жаңа дәрілік препараттардың дизайнын негіздеу, ЖЭСХ/МС/МС үшін ішкі стандарттарды таңдау және т. б. мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды.

Өткізілген отырыс барысында модераторлар көрсетілген презентацияның өзектілігі, жаңалығы, креативтілігі, практикалық маңыздылығы, материалды ұсына білуі мен біліктілік  дәрежесін бағалады.

Объективті бағалау және талқылау барысында жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарынан төмендегі ең үздік жұмыстар атап өтілді:

1. Васюков Владислав Дмитриевич

"МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті, (Мәскеу, РФ)

2. Subhajit Dutta

TIFAC CORE in Herbal Drugs, (Ooty, India)

3. Хамидуллаев Шохрух

Ташкент фармацевтикалық институты (Ташкент, ӨзР)

Секциялық отырыс аяқталғаннан кейін модератор, профессор С. К. Ордабаева конференцияның барлық қатысушыларына, конференцияға деген қызығушылық туындатқан, аудиторияның назарын өзіне баураған  материалдардың құзыреттілігі мен қызықты ұсынысы үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Осылайша, II Жас ғалымдар мен студенттер Форумы ғылыми пәндерге жалпы ғылыми мәдениетті құруға және қолдауға, сондай-ақ осы мәдениетке жаңа ортаны тартуға мүмкіндік бере отырып, оны ұзақ мерзімді перспективада одан әрі нығайтуға ықпал етті.

14.11.2024, 09:01
175 қаралым