ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІ
26 сәуір 2023 жылы Қазақстан Ғылым күні аясында дәрлер технологиясы кафедрасының бастауымен онлайн форматта «Фармацевтикалық технология және оның фармацевтика өнеркәсібін дамытудағы мүмкіндіктері» атты студенттердің Халықаралық конференциясы өткізілді. Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Конференцияға келесі оқу орындарының студенттері қатысты:
- Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы;
- Пятигорск медициналық – фармацевтикалық институты-ФГБОУ ВолгГМУ филиалы, Пятигорск қ., Ресей Федерациясы;
- Әбу Әли Ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті, Душанбе қ., Тәжікстан Республикасы;
- Ульяновск мемлекеттік университеті, Ульяновск қ., Ресей Федерациясы;
- Ташкент фармацевтикалық институты, Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы;
- И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы, Бішкек қ., Қырғыз Республикасы;
- Қарағанды медицина университеті, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы;
Конференцияда фармацевтика өнеркәсібін дамытудың өзекті мәселелері, фармацевтикалық технологияның инновациялық әдістері және оларды өндірісте қолдану тақырыптары қозғалды. Конференция соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.