ФАРМАЦЕВТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ И.К.АХУНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫНДА ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАДАН ӨТУІ ТУРАЛЫ

Студенттердің академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру, Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы арасында тәжірибе алмасу мақсатында. ОҚМА фармацевтика факультетінің 3 курс студенттері: Дюжечкина Ева, Кузнецова Карина, Нурсейт Арузат, Агадилова Жаннур (жетекшісі Өтегенова Г.И., ОҚМА фармацевтика ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының PhD докторы).

ҚММА факультетінің деканы С.Ч. Дооталиева ҚММА-ның жетекші бөлімшелерімен және кафедраларымен таныстырды.
ҚММА 1939 жылдан бері жұмыс істейді. Жоғары оқу орнының даму тарихы құнды мұрағаттық материалдар мен фото суреттер, жоғары оқу орнының кафедралары мен құрылымдық бөлімшелері туралы тарихи және ғылыми құндылығы бар маңызды ақпараттар мұражайда жинақталған.

Практикадан сапалы өту үшін Фармация экономикасы және дәрілер технологиясы кафедрасы Бішкек қаласындағы үздік дәріханалар мен дәріхана қоймаларын ұсынды. Тәжірибе базалары: "Неман" ЖШҚ дәріхана және дәріхана қоймасы, "Бимед-Фарм" ЖШҚ қоймасы және дәріханасы, "Джабаева" ЖК өндірістік дәріханасы. Дәріхана 401",балалар жұқпалы ауруханасы.

ЖОО оқытушылары арасында тәжірибе алмасу үшін дөңгелек үстел өткізілді, оның тақырыбы фармацевтика факультетінің оқу процесіне оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын енгізу болып табылды.

ОУФД кафедрасының PhD докторы Г. И. Утегенова "ОҚМА ОУФД кафедрасында критериалды бағалауды қолдану тәжірибесі "тақырыбында мастер-класс өткізді

УЭФ және ТЛ кафедрасының оқытушысы Ч. Табылдиева мен бірлесіп студенттердің білімін критериалды бағалау әдісін қолдану ашық сабақта апробацияланды. Нәтижелері енгізу актісімен расталған.

Практика аяқталғаннан кейін студенттер ҚММА және ОҚМА оқытушыларынан құралған комиссияға сараланған сынақ тапсырды.

ОҚМА студенттерін сертификаттармен марапаттау

02.02.2022, 13:10
544 қаралым