ЕУРОПА ЖӘНЕ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕ ӨТКЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕ НӘТИЖЕЛЕРІ

2015 ж.шілденің 1 жұлдызында фармакогнозия және химия кафедрасы мен дәрілік технологиясы кафедралары  оқу және өндірістік тәжірибелер нәтижелері бойынша  ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

585 1 1

Іс-шараның негізгі мақсаты  – тәжірибе өту біліктілігімен алмасу, кіші курстағы студенттерге тәжірибе өту мүмкіндіктері мен орындары туралы ақпарат беру және алдағы тәжірибенің ұйымдастыруын жақсарту. Конференцияға фармацевтикалық факультетінің оқытушылары, тәжірибе базаларындағы жетекшілер және академияның  1, 5  курс студенттерімен колледждің 3 курс оқушылары қатысты.

Іс- шараны ашқан даму мен инновация бойынша проректор Ахметова А.А.

585 2 2

Модераторлар,  қос кафедра  меңгерушілері, профессорлар  Сағындықова Б.А. және Патсаев А.К.  студенттерге арналған кіріспе сөздерінде тәжірибенің жоғары білім беру жүйесіндегі маңызын айтып өтті, сонымен қатар 5 курс студенттерін жақындап келе жатқан бітіріп шығуымен құттықтады.

Конференция барысында келесі  баяндамалар тыңдалды:

– «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябығында оқу тәжірибесі»; 104 ФК тобының студенті Амангелди А.

– «ЖШС «Зерде -Фито» өндірістік тәжірибе; 513 ФР тобының студенті Данилина А.

– «Польша ФЗ «Польфармадағы» өндірістік тәжірибе»; 514 ФК тобының студенті Бакытжанулы Б.;

– «Санкт-Петербург мемлекеттік Химия-Фармацевтикалық Академиясындағы өндірістік тәжірибе»; 507 ФК тобының студенті Ускенбаева Ж.;

– «Халықаралық  ғылыми-өндірістік холдингінің  «Фитохимия» ботаника және фитоинтродукция институтындағы өндірістік тәжірибе»; 514 ФК тобының студенті Айтымбетова А;

– «Пятигорск медицина-фармацевтикалық институндағы өндірістік тәжірибе»; 513 ФР тобының студенті Дильдабаева Э.

– «Брно қаласындағы Ветеринарлық және фармацевтикалық ғылымдар университетінде тәжірибе»;  514 ФК тобының студенті Жиренбаева Д.

-«ЖШС «Eva-Phyto» өндірістік тәжірибе »;  501 ФК тобының студенті Данаева Г.

-« Яссауи атындағы ХКТУ мен «Рецепт» дәріханаларында оқу-өндірістік тәжірибе»;  301 фжк тобының оқушысы Сарбасова  М.

585 3 3

Академия администрациясы тәжірибе базаларандағы жетекшілерге ынтымақтастықпен білікті фармацевттер дайындауында көмек бергені үшін базадағы тәжірибе жетекшілеріне алғыс білдірді. Өз кезегінде болашақ жұмыс берушілер академияның студенттері мен оқушыларының жақсы кәсіби дайындықтарын атап өтті.

Конференцияның соңғы кезеңінде 5 курс студенттері білім беріп әр-қашанда қолдау көрсеткен оқытушылар мен жалпы академияға өз алғыстарын білдірді.

585 4 4

07.07.2015, 08:13
587 қаралым