«Еуразиялық экономикалық одақ: интеграция және мәдениетаралық қарым-қатынас» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2015 жылы 12 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасының ұйымдастыруымен «Еуразиялық экономикалық одақ: интеграция және мәдениетаралық  қарым-қатынас»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

ОҚМФА-ның ғылыми-клиникалық жұмысы жөніндегі проректоры Б.Қ.Нұрмашев конференцияға алғы сөзін айтты.

Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасының меңгерушісі Е.Қ.Сәлім конференцияға қатысушылардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі: Ғылым мен білімнің дамуына қосар үлестеріңіз мол болсын!

ОҚМФА-ның кітапхана ұжымы аталмыш конференцияға «Еуразиялық экономикалық одақ» атты көрме ұйымдастырды.

Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде айтылып жатқан ойлар мен пікірлер сан қилы. Экономикалық одақтың оған кірген әр елге берер пайдасы мен қояр талабы бірдей болатынын, соның ішінде әр азаматқа жүктелер жүктің оңай болмайтынын көрсетті. Жоғары оқу орындарының осындағы бірден-бір қызметі – бәсекелестікке қабілетті, сауатты да білікті мамандарды дайындау болып табылатыны сөзсіз. Кез-келген жоғары оқу орнының дамуының басым бағыты - жұмысын ғылыммен және өндіріспен ұштастыру болып табылады.

Конференцияға Ресей Федерациясы, Түркия, Мысыр Араб Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан  Республикасы өкілдері қатысып,  Қазақстанның Астана, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, Алматы, Шымкент калаларының жоғары оқу орындарының профессор - оқытушылар құрамының еңбектері жинақта жарияланды.

Конференция екі бөлімнен пленарлық мәжіліс және 4 секция отырысынан тұрды. Конференцияға қатысушылар сертификатпен марапатталды.

 

18.03.2015, 09:53
800 қаралым