«Этносаясаты түсіндіру» және «Деструктивті діни ағымдардың зияндылығын насихаттау» тақырыбында кездесу
2024 жылдың 8 қазан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Жастар саясат бөлімі мен Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдардың зияндылығын насихаттау» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Қыпшақбаев Рауан Мухитулы, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің акпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әбдікәрім Нұржан Кеңесұлы, Байғұт баба мешітінің найб имамы Керімбеков Анарғали Пірәліұлы, Шымкент қаласы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімі басшысы Байманова Тыныштық қатысты.
Аталған шараны Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Қыпшақбаев Рауан Мухитулы бастап, іс-шара мақсатын атап өтті.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әбдікәрім Нұржан Кеңесұлы студенттерге деструктивті діни ағымдардың алдын алу және мемлекеттік этносаясатты түсіндіру, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім қағидаттары жайлы кеңінен тоқталып айтып өтті.
Келесі сөз кезегін алған кездесу қонағы Байғұт баба мешітінің найб имамы Керімбеков Анарғали Пірәліұлы жастар үшін діни қауіпсіздіктің негізгі ережелері,діни экстремизмнің, әлеуметтік желілерде деструктивті діни ағымдарға тартудың қауіптілігі туралы айтып өтті.
Іс- шараны қорытындылаған Шымкент қаласы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің теолог маманы Байманова Тыныштық студенттерге деструктивті діни ағымдардан аулақ болуға, әлеуметтік желідегі теріс ағымның жетегіне ермеулерін айтты