«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты тәрбиелік іс-шара
2024 жылдың мамыр айында 9 мамыр Жеңіс күніне арналған – «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: студенттерге Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру, Отан үшін жан қиған ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу;
отансүйгіштікке, қоғам алдындағы жауапкершілікке баулу.
Іс-шараны «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нұржанбаева, аға оқытушы Ә.С.Еркінбекова ашып беріп, бұл күн бүкіл дүниежүзі бойынша соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыста қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алып, тағзым ететін күн екендігін айтып өтті. Тәрбиелік іс-шарада Ұлы Отан соғысына арналған бейнеролик көрсетілді. Іс-шараға медицина факультетінің 2 курс студенттері белсенді қатысып, өнерлерімен тәнті етті.
Іс-шара соңында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нұржанбаева қорытынды жасап, студенттерге рақмет айта отырып және білім алушыларға белсенділігі, өнерлері үшін алғыс білдірді.