«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» атты ашық тәрбие сағаты
Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасының оқытушылары Сарымсақова Ж.С., Жолдыбаева Г.Б. 25.02.2015 ж. жатақханада 101-9; 201 (а,б) «Мейірбике ісі», 201-9 «Емдеу ісі» мамандықтарының студенттерімен бірге Ауған жауынгерлеріне арналған және Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Студенттердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.Ұлы Отан соғысы және Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету.