«Ерте жүктілік» және «Жеке бас гигиенасы» жобасы аясында «Жалпы тәжірибелік дәрігер» кафедрасының іс-шарасын өткізілуі.
30.01.2025ж ЖТД І-ЖТДҚ-02-24, І-ЖТДҚ-01-24 тобының 7 курс интерндері, медицина ғылымдарының магистрі Нурмаханова Г « Ерте жүктіліктің алдын алу» ғылыми жобасы аясында Шымкент қаласы 4-й микрорайон BILIM ORDA мектебінде 7-8-9 сынып оқушылары арасында профилактикалық, танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның басында топ жетекшісі Нурмаханова Г интерн врачтарды таныстырып өтті, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің салдарын түсіндіріп, зиянды әдеттердің алдын алу және гигиеналық тазалық құндылықтарды нығайту туралы тұрақты білім қалыптастыру үшін бұл шараны өткізудің маңыздылығы туралы айтып өтті.
Ерте жүктіліктің алдын-алу жолдарына бағытталған бұл шара аясында қатысушы ЖТД интерндері BILIM ORDA мектебінің оқушыларына маңызды ақпаратты, барынша қолжетімді түрде жеткізді. Кездесу барысында қарастырылған тақырыптар қазіргі қоғамның өзекті мәселелеріне арналды: «Ерте жүктілік», «Қоғамдағы зорлық-зомбылық», сондай-ақ «Жеке бас гигиенасын сақтамау».
ЖТД интерндері ерте жүктілік салдарының себептерін, оның ішінде ана мен баланың денсаулығына әсерін талқылады, сонымен қатар репродуктивті денсаулық негіздерін білуге және қарым-қатынасқа саналы көзқарастың маңыздылығын атап өтті.
Қоғамдағы зорлық-зомбылық туралы лекцияны ЖТД интерндері зорлық-зомбылықтың мәнін, оның формалары мен салдарын түсіндіруге бағыттады. Сондай-ақ мәселенің психологиялық және әлеуметтік аспектілеріне ерекше назар аударылып, жасөспірімдер арасындағы агрессияның алдын алу жолдары, зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда көмекке жүгіну әдістері талқыланды.
Жеке бас гигиенасы » атты дәріс барысында ЖТД интерндер гигиеналық білімді егжей-тегжейлі айтып берді. Мектеп талабына сай тырнақ күтімін және шаш күтімін мектеп оқушыларына түсінікті, жеңіл етіп, толық жеткізіп берді Сонымен қатар, интерндер алдын алудың және белсенді өмірлік ұстанымның маңыздылығын атап өтті.
ЖТД интерні терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық - биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі екендігін жеткізді.
Гигиена тақырыбында тіс және киім, интимді күтім жайлы көп талқыланды.
Тістің күнделікті 2 рет, дұрыс тазалануын толық жеткізді. Интимді гигиенасы-жалпы дұрыс жуыну, артық интимді гель қолданбау және жуынатын жеке бас заттарын тек өздеріғана қолданылуы жайында айтылды. Үйіндегі әкесі, анасы, аға-апкесі қолданған заттарды қолданбау керектігін ескертті.
Киім гигиенасы- күнделікті іш-киімінің тазалығы, мектеп формаларының тазалығын, күнделікті киімдерінің гигенасының маңыздылығын атап өтті.
Барлық дәріс тақырыптары мектеп оқушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.
Кері байланыс орнату үшін ЖТД интерндері дәрістер арасында бірнеше интерактивті ойындар мен сұрақ жуаптар қойылды. Бұл ойындар студенттердің белсенділігін арттыруға, лекцияда алған білімдерін бекітуге, топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға көмектесті.
Ойындар мен викториналар салауатты өмір салты тақырыбы бойынша материалды бекітуге бағытталған және мектеп оқушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.
Оқушылар жоғары қызығушылық пен белсенділік танытып, сұрақтар қойып, ойындарға белсене қатысты. Жеңімпаздар символикалық сыйлықтар мен естелік сыйлықтарға ие болды.
BILIM ORDA мектебінің белсенді қатысқан оқушыларға арнайы силықтар таратылды. Оқушы қыздар сұрақ жауапқа белсенді қатысып, бүгінгі тақырыптарды толық түсінгенін көрсетті. Оқушылар дұрыс-бұрысты жағдайларды ажыратып, қате қадам жасамау керектерін айтып өтті.
Жиын соңында жалпы білім беретін мектептің өкілдері – мектеп директоры мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары осы іс-шараны ұйымдастырып, өткізген интерндерге және топ жетекшісіне алғыстарын білдірді. Топ басшысына алғыс хат табыс етілсе, ЖТД интерндері тәрбие жұмысына қосқан үлесі үшін сертификаттар алды.
Нәтижесінде тәрбие жұмысының негізгі мақсатына қол жеткізілді: дәрігер-интерндер ұсынған материалдардың басым бөлігі мектеп оқушыларының жадында сақталып, оларда салауатты өмір салтын сақтаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптасты. GP интерндері үшін жұмыстың бұл форматы олардың коммуникативті дағдылары мен құзыреттерін кеңейтуге және жетілдіруге мүмкіндік берді.
