Ерлікке тағзым!
2017 жылдың 2 ақпан күні сағат 11.00-де ОҚМФА-да жастар саясаты бөлімі, әскери кафедра мен «Гигиена-1 және эпидемиология» кафедраларының ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Аталған кездесуге ардагерлеріміз - Тоғаев Маделхан Жолшыханұлы, Меңдіғұлов Сүндет Үсенбайұлы, ОҚО Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының маманы Төлегенов Нұрсұлтан Шыңғысханұлы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің журналисті Әбдімәлік Белгібай қатысты. Жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын ардагерлерге қойып, Ауған соғысының ақиқатын білді. Шара соңында ардагерлерімізге алғыс білдіріп, кәдесыйлар тартылды.
07.02.2017,
04:24
431 қаралым