"Ерлік ұмытылмайды" тақырыбында ардагерлермен кездесу

2022 жылдың 13 мамыр күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы және «AMANAT» партиясының ұйымдастырумен Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай «Ерлік ұмытылмайды» патриоттық жобасы аясында қаламыздың ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Cемей ядролық cынақ полигонының ардагерi Исламкулов Шавкат Кошкарұлы және «𝗔𝗠𝗔𝗡𝗔𝗧» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары, фракция жетекшісі Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы және оқу орнымыздың студенттері қатысты.

Сөз кезегін алған Cемей ядролық cынақ полигонының ардагерi Исламкулов Шавкат Кошкарұлы сынақ алаңының адамзат баласына және қызмет еткен сарбаздарға тигізген зиянына тоқталып өтті.

Полигон аймағындағы елге әлі де болса нақтылы мемлекеттік деңгейдегі қамқорлықтың қажет екенін, тұрғындардың көбі ядролық сынақтың зардабынан түрлі ауруларға шалдығып отырғанын айтты. Семей ядролық полигонының зардаптарын жоюға үлес қосқан әрбір ардагердің ерлігі жастар үшін үлгі болатынын айтты.

18.05.2022, 09:14
381 қаралым