ЕРЛІК ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!
19.09.2023ж күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледж білім алушыларға «Ерлік ұмытылмайды!» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Қарулы күштерінің құрметті ардагері, қарулы күштер РҚБ ШФ төрағасы, Шымкент қаласы 11 қоғамдық бірлестіктер коалициясының төрағасы - Оңбаева Серікбай Мейірбайұлы, Патриоттық қозғалыс “Желтоқсан ақиқаты” республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы филиалының төрағасы - Оспанова Гүлмира Болатқызы, Семей сынақ ядролық полигонының ардагері - Сартаев Абдурахман мен студенттер қатысты.
Кездесу мақсаты ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыра отырып, ержүрек ардагерлерді жақынырақ таныстыру арқылы жастардың патриоттық сезімдерін жоғарылату, Отанына деген елжандылық пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Бойларында Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілеттерін жоғары ұстауға тәрбиелеу.
Кездесу барысында Оңбаева Серікбай Мейірбайұлы студент жастарға білім, ана тіліне құрмет, ер тарихына танымдық қызығушылығын арттыру, Отан сүйгіштікке баулу, тұлғалық деңгейлерін жан жақты дамыту мақсатында әңгіме жүргізді. Студент жастар көкейіндегі сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алып қайтты.