«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді

4.05.23ж. күні, сағат 11.00-де «Қазақстан тарихы және әлеуметтік қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, Ж.О.Нуржанбаева Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу тапсырмасы аясында, диктант ережесімен студенттерді толық таныстырып өтті. Кафедраның аға оқытушысы А.С.Еркінбекованың «Қазақстан тарихы» пәні сабағында 1 курс, В-Фөтаб-05-22 тобының студентері диктант жазды.
Диктант жазудың мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақты тәрбиелеу.
Міндеті – студенттердің мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.

05.05.2023, 17:53
582 қаралым