Эразмус+ жобасының мониторингі
Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсесі 2016 жылдың 21 қазан күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында (бұдан әрі- ОҚМФА)561857-EPP-1-2015-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP «Университеттердегі медициналық білімді жаңғырту» (МodeHEd) жобаның бақылауын өткізді.
Мониторингте Еуропалық комиссиясының (Брюссель, Бельгия) білім беру, аудиовизуалды құралдар және мәдениет мәселелері (ЕАСЕА) бойынша атқарушы агенттігінің өкілі Анне Спангемахер ханым, жобалар басшысы, Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсенің (Алматы) үйлестірушісі Тасбұлатова Шайзада Үмірзаққызы, Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсенің сарапшысы Наренова Меруерт Нұрмағанбетқызы және МodeHEd жобасының үйлестірушісі Клаус Хэнсген (Лейпцигтегі қолданбалы ғылымдар университеті, Германия) қатысқан.
Сапардың мақсаты - өткен іс-шаралар мен жобаның нәтижелерімен танысу, бар мәселелерді және операциялық пен қаржы жоспарларының қиындықтарын талқылау, олардың шешу тәсілдерін анықтау.
Одан басқа жобаның бүкіл қатысушалары да болды.
Бұл бақылау сапардың басында ОҚМФА ректоры, профессор Б.Д.Сексенбаевпен кездесу өтті.
Күннің соңында алынған мәліметті жалпылау және нәтижелердің қысқаша түйін бойынша қорытынды сессия өткізілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша есеп ЕАСЕА жіберіледі.