Эразмус+ жобалары

 

1546 2

Эразмус+ "Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру-2020" жобалық ұсыныстары VI конкурсының нәтижелері бойынша Еуропалық Комиссияның Білім, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігі бағалау комиссиясының ұсынымы бойынша, Эразмус+ бағдарламасының "жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру" компоненті бойынша қаржыландыру үшін 164 жобалық ұсыныс іріктелді.

Қазақстанның 22 жоғары оқу орны жоғары білім беру әлеуетін арттыру бойынша 11 жаңа жобаға қатысады.

Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы екі жоба бойынша грант жеңіп алды:

- AccelEd: Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде магистратура және докторантура деңгейінде мейіргерлік білім беруді жедел дамыту,

- LMQS: Ресейде, Қазақстанда, Әзірбайжанда және Лаоста ашық қашықтықтан білім беру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы тәуекелдер мен қызметтердің сапасын стратегиялық басқару үшін бакалавриат пен магистратураны кәсібилендіру.

11.08.2020, 22:54
293 қаралым