Erasmus+ бағдарламасы

Еуропалық Одақтың Erasmus+ бірегей білім беру бағдарламасы туралы естімеген студенттер жоқ шығар. Ол мемлекеттік және коммерциялық жоғары оқу орындарының студенттеріне 1-2 семестрге Еуропаның немесе тіпті әлемнің кез келген басқа университетіне Халықаралық Кредиттік Ұтқырлық аясында оқуға мүмкіндік береді.

Халықаралық кредиттік ұтқырлық аясында Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы Трансильвания Брашов университетімен институтаралық келісімге қол қойды. Бұл келісім студент қайтып оралғаннан кейін оны жіберген жоғары оқу орны шетелде оқу нәтижесі бойынша студент игерген кредиттерді мойындайтынына кепілдік береді.

1439 1

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы өзінің демеушілік шарттарымен танымалды.. Алмасу бағдарламасы бойынша келген студенттерге барлығы төленеді: оқуы, тұруы, авиабилеттер, медициналық сақтандыру. Оған қоса, Студенттер ай сайын тамақтануға және өз қажеттіліктеріне жұмсалған барлық шығындарды жабатын стипендия алады. Стипендия және оның мөлшері әдетте студент жіберілетін елге байланысты.

Erasmus+ студенттік ұтқырлық бойынша конкурсқа қатысуға өтініш берер алдында таңдалған университет пен елге қарамастан, барлық үміткерлерге қатысты бірнеше жалпы ережелермен танысу керек.

1. Қабылдаушы елдің ағылшын тілін немесе ұлттық тілін білу деңгейі кем дегенде B2 деңгейінде болуы тиіс. Ielts (6.0 кем емес) сертификаты приветсуется.

2. Конкурсқа тек өз университетінде кемінде 2 жыл оқыған студент қатыса алады.

3. Үміткердің орташа үлгерім баллы (GPA) жоғары болуы тиіс. Орташа үлгерім баллының көрсеткіші іріктеудің маңызды шарты болып табылады.

Мен Румыния елінің, Брашов қаласы Трансильвания университетінде 3-курсында оқуға мүмкіндік туды.

Румынияны еске алған кезде, барлығы Граф Дракуланы кейіпкері ойға келеді. Шетелге әр сапарға барғаннан соң адамның дүниетанымы кеңейіп, өмірге деген көзқарасы өзгеретіні ешкімге де құпия емес. Шынымды айтсам, мен Шығыс Европа мәдениетімен танысып және медицина саласындағы білім деңгейін көтергім келді. Трансильвания табиғаты өте әдемі ел. Айналасын таулар қоршаған және ормандарға бай. Әрине біздің қаламыз Шымкентке қарағанда ауа райы салқындау.

Румынияң медицина деңгейі жоғары және білім беру жүйесі біздің елден ерекешеленді, Қазақстанда 5+2 (5 жыл бакалавриат, 2 жыл интернатура) жүйесі бойынша оқыса, Румынияда оқыту 6 жылға созылады.

Шетелдік топтастарымен бірге оқып, Румынияның үздік оқытушыларынан дәріс алып және үш айдан астам Европаның үздік ауруханаларда тәжірибе жинаған сайын, менің білім алуға деген ынтам одан бетер аса бастады. Студенттерде қосымша курстарды ерікті түрде таңдауға болды. Бос уақытымда кітапханада отырып дайындалуға немесе операцияларға қатысып тәжірибе жинауға мүмкіндік болады. Әр екі апта сайын неше түрлі іс шаралар өткізіледі.

1439 2

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының басшылығына студенттерге берілетін шексіз мүмкіндіктер үшін алғыс айтқым келеді.

Менің студенттерге берер кеңесім, әр қашан жаңа нәрсені танып білуге және мүмкіндіктерді жібермеуге тырысыңыздар. Әр түрлі жобалар, конкурстарға қатысыңыз көріңіздер. Алға қадам жасауға қорықпаңыз, бәрі де жақсы болады!

Кален Сулугайша, 4 курс студенті

07.10.2019, 05:28
408 қаралым