Энергетика - адамзаттың болашағы

2024 жылы 16 қырқүйек күні Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Энергетика - адамзаттың болашағы» тақырыбында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы студенттері арасында маңызды кездесу өтті
Кездесу барысында АЭС-тің экономикалық пайдасы мен оның елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды. “BasQaru” қоғамдық қорының басшысы Марғұлан Ермағанбетұлы ерекше назар аударып, тақырып бойынша маңызды пікірлерімен бөлісті. Шараға 200-ге жуық студент қатысып, олар да өз сұрақтарын қойып, қызықты пікірталастарға белсене қатысты. Бұл кездесу жастардың энергетика саласына деген қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрістерін кеңейтуге үлес қосты.

16.09.2024, 17:05
185 қаралым