Эндохирургиялық марафон ENDO SURGERY.PRO ROADSHOW SILK WAY ОҚМА алаңында

2022 жылғы 22 және 23 қыркүйек Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ENDOSURGERY.PRO ROADSHOW SILK WAY эндохирургиялық марафон шеңберінде өз базасында «Хирургия, урология, гинекологиядағы лапароскопияның заманауи аспектілері. 4K ICG форматындағы Визуализация» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізуде.

Конференцияға онлайн және оффлайн форматта жиналған қатысушыларға құттықтау сөздерімен: ректор, м.ғ.д., профессор М.М. Рысбеков, трансплантация бойынша республикалық үйлестіру орталығының жетекшісі, м.ғ.д., профессор Ж.А. Досқалиев, Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу медуниверситетінің «Жалпы хирургия» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Э.А. Галлямов және басқалары лапароскопияның хирургия, гинекология және урология, онкология, колоректальды және балалар хирургиясындағы, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының ауруларын диагностикалау мен емдеудегі заманауи мүмкіндіктерін атап өтті.


Қазақстан мен Ресейдің жетекші эндохирургтары Эндохирургиялық марафонның қатысушылары мен спикерлері болды, олар баяндамалар мен шеберлік сыныптарын жасады:
Галлямов Эдуард Абдулхаевич, И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ емдеу факультетінің жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі. (Сеченов университеті), Ресей эндохирургтер қоғамының Басқарма мүшесі, эндоскопиялық урология еуропалық қауымдастығының мүшесі, эндоскопиялық хирургия еуропалық қауымдастығының мүшесі.
Жақыпов Данияр Уәлиханұлы, «Репродуктивті медицина институтының» бас дәрігері, гинекологиядағы эндовидеохирургия курсының жетекшісі (Алматы қ., ҚР).
Котлобовский Владимир Игоревич, Қазақстандық эндоскопиялық хирургтар қауымдастығының президенті, «Actobe Medical Center» АМО эндохирургиялық қызметінің жетекшісі, американдық асқазан-ішек және эндоскопиялық хирургтар SAGES қоғамының және IPEG халықаралық педиатриялық эндохирургия тобының мүшесі (Ақтөбе қ., ҚР).
Маркарьян Даниил Рафаэльевич, колопроктолог-дәрігер, онколог, хирург, Ломоносов атындағы ММУ медициналық ғылыми-білім беру орталығының хирургия бөлімінің аға ғылыми қызметкері. (Мәскеу қ., РФ).
Тоқпанов Серік Имакович, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстандық хирургтар қауымдастығының мүшесі, Қазақстандық эндоскопиялық хирургтар Қауымдастығының басқарма мүшесі, «Alanda Clinic» медициналық орталығы директорының клиника бойынша орынбасары (Астана қ., ҚР).
Штыров Сергей Вячеславович, Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медицина университеті, Акушерлік және гинекология кафедрасының профессоры, «№ 31 Қалалық клиникалық аурухананың» бас гинеколог-эндоскописті, Мәскеу эндоскопист-гинекологтар клубының президенті (Мәскеу қ., РФ)
Щербаков Петр Леонидович, «Медси «Компаниялар тобы» АҚ медицина академиясының гастроэнтерология және эндоскопия кафедрасының меңгерушісі, Ресей медицина ғылымдары академиясының жас ғалымдарын қолдау гранттарының дипломанты, Еуропалық гастроэнтерологтар, нутрициологтар және эндоскопистер қоғамының мүшесі, американдық гастроэнтерологтар қоғамының мүшесі (Мәскеу қ., РФ).

Конференция ұйымдастырушылары атап өткендей – ОҚМА, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қазақстанның эндоскопиялық хирургтар қауымдастығы (ҚЭХҚ) және Қазақстанның эндоскопист-гинекологтары ҚБ өкілдері - бұл Қазақстанның Оңтүстік өңірлерінің хирургтары, урологтары, гинекологтары, онкологтары үшін маңызды ғылыми және оқыту іс - шара.

Ғылыми форум қазіргі заманғы университеттік клиника жобасын дайындау шеңберінде өткізілді және емдеу практикасында жоғары эндоскопиялық технологияларды қолдануға және оларды оқу процесінде одан әрі пайдаланудың өзекті мәселелеріне арналған.

23.09.2022, 17:50
659 қаралым