«Елбасы белгілеген «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» Қазақстанның жарқын болашағының кепілі және жаңарудың қазіргі жағдайында жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыру!»

723 1

2016 жылдың 19 ақпан күні академияның үлкен мәжіліс залында жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен студент жастарды отансүйгіштікке, патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында, сонымен қатар Елбасы саясаты мен халыққа жолдаған жолдауларын, оның ішінде «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бағытын түсіндіру мақсатында «Елбасы белгілеген «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» Қазақстанның жарқын болашағының кепілі және жаңарудың қазіргі жағдайында  жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыру!» атты тақырыпта ауқымды кездесу өткізілді.

723 2

Аталған кездесуге ОҚО Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының жастар ісі жөніндегі бөлім маманы – Асилов Сейтжан Сүйерқұлұлы, ОҚО Ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» басшысы – Убельтаев Абзалбек Алибекұлы, ОҚМФА ректор кеңесшісі – Жусупов Болат Балғабайұлы,  ОҚМФА ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор, «Бедел» бастауыш партия ұйымының төраға орынбасары – Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Кемелбеков Қынатбек Бердалыұлы қатысты.

723 3

Келген қонақтарымыз жастарды мазалап жүрген сан түрлі сауалдарға жауап беріп, «Жас Отан» жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы – Жұмабаев Нұрдәулет Нарбекұлы тақырып бойынша баяндама оқыды (қамтылған студенттер саны - 300 адам).

723 4

25.02.2016, 03:55
408 қаралым