Ел боламын десең, бесігіңді түзе!
Қазіргі таңда құқық мәдениеті үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде жасақталған университеттің тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі – азаматтық – патриоттық, құқықтық тәрбие. Бұл –студент жастардың өсіп-өнуіне бірыңғай көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.
Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті жөнінде әсіресе, мыналарды баса көрсетуге болады: біріншіден, кез келген азамат өзінің құқығын, бостандығы мен міндетін анық түсінуі әрі оны бағамдап, парықтай білуі, екіншіден, осыларды мүмкіндігінше, іс жүзінде, өз өмір тәжірибесінде пайдалана алуы тиіс. Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту – еліміздің болашағын айқындаушы көрсеткіштердің бірі десек, өскелең ұрпаққа сапалы құқықтық білім мен саналы тәрбие беру оқытушылар қауымынан білімділікті, құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді, нормативтік — құқықтық құжаттармен үздіксіз танысып, жұмыс барысында оларды басшылыққа алуда үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен тығыз ынтымақтастық қарым – қатынас орнатуды және қажырлы еңбекті қажет етеді.
Азаматтық құқықты меңгеру мақсатында, 23.02.2024 жылы, «Педиатрия-2» кафедрасының ассистенті Балабекова А.С. ПҚА-01-21, ПҚ-02-21 3-курс білім алушыларына, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» атты ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақта, құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмысқа қарсы күресте білім алушылармен өзара іс-қимылдар, заңдылықтар және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету баяндалды.