Екі жақты ынтымақтастық нығаюда

1105

ОҚМФА мен Ташкент фармацевтикалық институтының (Өзбекстан, Ташкент қ.) ынтымақтастық шеңберінде 2017 жылдың 16-17 қараша күндер аралығында академиясының өкілдері: ұйымдастыру және экономикалық жұмыстар жөніндегі проректор Б.К. Махатов, фармакогнозия және химия кафедрасының меңгерушісі, профессор А.К. Патсаев  және фармацевтикалық факультетінің декан орынбасары М.М. Сапақбай Ташкент фармацевтикалық институтының 80-жылдығына арналған «Фармация: ғылым, білім, инновация және өндіріс» атты Республикалық халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

1106

Конференция барысында тараптар оқытушылар мен студенттердің академиялық және ғылыми алмасу, студенттер мен магистранттардың өндірістік тәжірибеден өту туралы келісімге келді. ОҚМФА өкілдері үшін ТФИ-ның дәрілік заттарды стандарттау Ғылыми орталығындағы микробиология зертханасы мен дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау зертханасына экскурсия өткізілді. Келіссөздер нәтижесінде қосымша келісімдер жасалуда.

1107

Атап айтқанда, 2017 жылдың 16 қыркүйек күні Өзбек-Қазақстандық бизнес-форум барысында Ташкент фармацевтикалық институты (ректоры Х. Қ. Жалилов) және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы (ректоры, профессор Б. Д. Сексенбаев) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

1108

17.11.2017, 04:52
385 қаралым