Дүниежүзілік банк жобасы аясында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы делегациясының Әбу Әли Ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетіне сапарының қорытындысы

Сапардың мақсаты ретінде фармацевтика факультетінің студенттеріне білім беру саласындағы жаңа оқыту әдістерін үйрету және оларды одан әрі тәжірибеде қолдану болды.

Нәтижелер: Тренинг интерактивті форматта өткізілді. Тараптар өз пікірлерін білдірді, тәжірибелерімен бөлісті. Тренингке Оқу және ғылыми өндіріс орталығы (ОҒӨО) бөлімі, білім беру сапа бөлімі, «Фармация» мамандығы бойынша бейіндік және негізгі кафедралар қатысты. Оқыту барысында келесі мәселелер талқыланды: 1) Фармацевтикалық білім берудегі инновациялық білім беру әдістері мен оқыту технологиялары; 2) «Фармакогнозия» пәнін оқудағы рөлдік және іскерлік ойындар; 3) «Дәрілік заттар технологиясы» пәнін оқытудағы дәрілік заттар технологиясы кафедрасының тәжірибесі мысалында оқытудың командалық әдісі (team–based learning); 4) «Фармакогнозия» пәні мысалында білім мен дағдыны талдаудың негізгі құралы ретінде сыни ойлау; 5) «Дәрілік заттар технологиясы» пәні мысалында белсенді оқыту әдістері; 6) Тәжірибе арқылы үйрену. Фармакогнозиялық тәжірибені іс жүзінде қолдануымыз; 7) «Фармацевтикалық пәндерде инновациялық технологияларды қолдану» дөңгелек үстелі.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының өкілдері фармацевтикалық орталықта, Орталық ғылыми-зерттеу зертханасында, ТММУ мұражайында болды. «Фармация» ОҒӨО-да келесі пәндер бойынша күнделікті практикалық сабақтар өткізілетінімен таныстық: Фармакогнозия – фармацевтика факультетінің 3 курс студенттеріне; дәрілік түрлер технологиясы – фармация факультетінің 3 курс студенттеріне; фармацевтикалық химия – фармация факультетінің 3 және 4 курс студенттеріне; ФҰЭ – фармация факультетінің 4 және 5 курс студенттеріне; фармакология – фармация факультетінің 4 курс студенттеріне және жалпы медициналық, стоматологиялық факультеттердің 3 курс студенттеріне арналған. Тәжірибелік сабақтар фармацевтикалық құрылғыларды, дәрілік өсімдік шикізатын және белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. «Фармация» орталығында 1-5 курс студенттері де бейіндік пәндер бойынша далалық және өндірістік тәжірибеден өтеді. Өндірістік оқыту кезінде студенттер жетекшілерімен бірге маусымдық жағдайды ескере отырып, өсімдіктер әлемін зерттеу үшін Харангон, Кондара, Киблаи, Варзоб шатқалдарына, Гиссар алқабына, Вахдаттың Канас аймағына барады. Бұл ретте дәрілік өсімдік шикізаты жиналып, содан кейін оларды кептіріп, өңдеп, орталықтағы шикізаттан түрлі дәрілік түрлерді дайындайды.

Сондай-ақ, фармакогнозия кафедрасының түрлі шырындар дайындайтын гербарий қорын, фитобарды араладық.

ОҒЗЗ-ң негізінде 36 докторлық, 112 кандидаттық диссертациялар орындалып, қорғалғанынан, 600-ден астам бірлескен жұмыс жарияланғанынан, 18 авторлық куәліктер берілгенінен хабардар болдық. Қазіргі уақытта биохимиялық, клиникалық, морфологиялық, молекулалық-генетикалық зертханалар, эксперименттік фармакология және эксперименттік хирургия зертханалары жұмыс істейді. Эксперименттік хирургиялық араласулар 2 операциялық блокта жүргізіледі. Зертханалық жануарлар ОҒЗЗ-ң виварийінде өсіріледі. ОҒЗЗ-ң ғылыми бағыттары алуан түрлі және университеттің ғылыми зерттеулерінің басым бағыттарымен, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізілетін кафедралардың ғылыми тақырыптарының мақсаттары мен міндеттерімен анықталады.
Мұражайда университет үшін тарихи маңызы бар көптеген марапаттар мен фотосуреттер болды. Бізге бұл мұражайдың құрылу тарихы туралы да айтып өтті, атап айтқанда, 1995 жылы университет ректоры Ю.Б.Исхаки тәжік халқының тарихы кафедрасының оқытушысы Х.К.Ибрагимовқа ғылыми-тарихи мұражай құруды тапсырды. Бұған дейін мұражай бір аудиторияда, тарихи бұрыш ретінде жұмыс істеді. Мұражайда 75 ғылыми бұрыштар ашылған. 2008 жылдың мамыр айында мұражай қайтадан қалпына келтіріліп, 85 бұрышқа жаңартылды.
Оқытудың бұл түрін өткізу фармацевтика факультетінің оқытушыларына кәсіби дағдылары жетілдіруге және оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік береді.

28.10.2021, 23:34
489 қаралым