Дөңгелек үстел: «Академия мен жұмыс берушілердің мамандар даярлаудағы және түлектерді жұмысқа орналастырудағы өзара іс-әрекеттері»

2022 жылғы 10 наурызда «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ-да «Академия мен жұмыс берушілердің мамандар даярлаудағы және түлектерді жұмысқа орналастырудағы өзара іс-әрекеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары: медицина факультетінің деканы, интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканы, резидентура бөлімі, ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы, медициналық колледж және "ОҚМА"АҚ басшылығы.
Дөңгелек үстел жиынына қатысушылар саны 130-дан асты. Олардың ішінде: Шымкент қаласы, Түркістан облысы практикалық денсаулық сақтау басшылары, Шымкент қалалық "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы өкілі, Денсаулық сақтау министирлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша депаратаментінің басшысы, "ОҚМА" АҚ басшылығы, сондай-ақ "Жалпы медицина", "Педиатрия" және «Стоматология» білім беру бағдарламалары бойынша профессорлық-оқытушылық құрамы (оффлайн) және Павлодар, Қызылорда, Жамбыл облыстарының тәжірибелік денсаулық сақтау басшылары болды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - қазіргі жағдайда ғылыммен және тәжірибемен интеграциялау арқылы медициналық білім беру сапасын арттыру, жұмыс берушілердің сұраныстары мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, БББ бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
ЖОО мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылы ЖОО қызметінің сапасы мен сенімділігінің маңызды көрсеткіші, оның білім беру нарығы мен еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды критерийлерінің бірі болып табылады.
Дөңгелек үстел-бұл мүмкіндіктерді іске асыруға арналған алаң:
• жұмыс берушілер үшін: тәжірибелік қызметке даярланған жас мамандарды алу, оларды даярлау процесіне қатысу және оларды даярлау сапасына ықпал ету мүмкіндігі;
• ЖОО үшін: білім беру процесін және өндірістік практиканы сапалы ұйымдастыру мүмкіндігі, сондай-ақ білім алушының одан әрі жұмысқа орналасуы.
Дөңгелек үстелдің модераторы ОӘжТЖ бойынша проректор, м.ғ.д. М. У.Анартаева болды.

Дөңгелек үстел барысында тәжірибелік денсаулық сақтау үшін әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру және түлектердің сәтті жұмыс істеуі үшін қажетті құзыреттер, сондай-ақ тәжірибелік денсаулық сақтау саласы мен академияның оларды дамытуға болатын өзара іс-қимыл форматтары талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар осындай іс-шараларды өткізудің өзектілігі мен маңыздылығын растады, жоғарыда аталған мәселелерді әрі қарай талқылауға жоғары қызығушылық танытты және Академиямен ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Олар мамандарды сапалы даярлау шарттарының бірі тек өзара іс-қимыл ғана емес, академияның жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастығы, яғни барлық мүдделі тараптардың іс-қимылдарының келісілуі, олардың арасында өзара түсіністіктің болуы және жағдайдың жалпы көрінісін жасауға ұмтылу болып табылатынын атап өтті. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қарар (резолюция) қабылданды.

14.03.2022, 17:47
586 қаралым