Дөңгелек үстел

Бүгін 18.04.2023 жылы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерін шақыра отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметін реттейтін мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді. ҚР ҰӘҚ білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары А. Ж. Еділханов "таза парақтан реттеу" Жаңа реттеу саясатының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Бұдан былай бақылау шараларын іріктеу мен жоспарлаудың барлық рәсімдері автоматтандырылатыны, адами фактордың қатысуынсыз ақпараттық жүйемен жүргізілетін әрбір ЖЖОКБҰ тәуекелдерінің дәрежесі анықталатыны түсіндірілді. Тиісінше, ЖОО басшыларының уәкілетті органдарға берілетін ЖОО қызметі туралы деректердің уақтылығы, объективтілігі үшін жауапкершілігі бірнеше есе артады.

Бұдан әрі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаменті медициналық білім басқармасының басшысы А.К. Изденов медициналық білім беруді реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттардың ерекшеліктерін түсіндіріп, медициналық білім беру ұйымдарымен бірлесіп интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасын енгізу мәселелерін талқылады.

19.04.2023, 11:20
454 қаралым