Докторантураға үміткерлер назарына!
«Оңтүстік Қазақстан медицина академия» АҚ-да 01.02.2021ж. нен 21.05.2021ж. дейін (PhD) докторантураның келесі мамандықтары бойынша алдын ала іріктеуге құжаттар қабылдануда:
8D10140 «Фармация»
8D10141 «Медицина»
Алдын ала іріктеуден өтуге үміткер тұлғаларға арналған құжаттар тізімі:
1. «ОҚМА» АҚ ректорының атына өтініш (үлгі қоса беріледі);
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3. Резидентураны немесе магистратураны бітіргені туралы куәлік (резидентурада немесе магистратурада оқуды аяқтағандар үшін);
4. Резидентура немесе магистратурада оқу туралы куәлік (резидентура немесе магистратурада оқитындар үшін);
5. Жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжат (магистратураны аяқтаған адамдар үшін жұмыс өтілі кемінде 1 жыл);
6. Еркін түрде жазылған ынталандырушы хат (А4 қағазында, көлемі 2 беттен аспайтын, Times New Roman шрифтінде, шрифт өлшемі 14), төмендегі сұрақтарды қамтитын:
- Не себепті сіз «ОҚМА» АҚ-да оқығыныз келеді??
- мақсаттарыңызды жүзеге асыру бойынша болашақтағы жоспарларыңыз
- осы жоспарларыңызды жүзеге асыруға таңдаған мамандығыңыз қалай септігін тигізеді
- осы мамандық бойынша бұрын алған біліміңіз бен жұмыс өтіліңіз қандай
- Не себепті академия сізді таңдауы керек, сізді басқа кандидаттардың арасында ерекше немесе айрықша ететіні не?
7. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
8. Жоспарланатын ғылыми зерттеу жұмысының аннотациясы;
9. Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат: (бар болған жағдайға; егер болмаған жағдайда, онда ол оқуға құжаттарды қабылдаудың екінші кезеңіне ұсынылуы керек).
Ескерту: докторантураға оқуға түсуге үміткерлердің екінші кезеңге өтініш беру сәтінде «магистр» дәрежесі және жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл болуы немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентура курсынан өтуі қажет.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2021 жылдың 20 мамырына дейін.
Сұхбат 2021 жылдың 21-31 мамыр аралығында жүргізіледі.
Құжаттар файлдық папкада Аль-Фараби даңғылы 1, 4 қабат, 424 кабинетке немесе сканерленген нұсқада (e-mail: unkrdm@mail.ru) электронды мекен-жайға тапсырылады.
8 747 453 83 49 немес 8 747 131 97 97 нөмірлеріне хабарласып кеңес алуға болады.
Алдын ала іріктеуге құжаттардың толық емес тізімін ұсынған кезде өтініш берушінің өтініші қаралмайды!
