Әдістемелік практикалық конференция

2019 жылдың 8-ші қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында 5В074800-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 3 курс студенттері өндірістік практиканы өтті. 

Өндірістік практиканың мақсаты: фармацевттік өндірістегі инженер-технологтің болашақ кәсіби қызметіндегі өндірістік-технологиялық, жоба-констурлық, ұйымдастыру-экономикалық салаларының барлық бөліктеріндегі іс-тәжірибелік міндеттерін шешу жүйелі теориялық білімдері мен дағдыларын бекіту. 

Өндіріс базалары ретінде «Зерде Фито» ЖШС, «Фито-Апифарм» ЖШС тағайындалды. 

1345 1

2019 жылдың наурыз айының 30-шы жұлдызында «Фармацевттік өндірістің технологиясы» кафедрасы 3 курс студенттерінің өндірістік практика нәтижелерін практика базасы өкілдерінің қатысуымен әдістемелік практикалық конференцияны өткізді. 

Конференцияға келесі қонақтар қатысты: 

1. «Зерде-Фито» ЖШС-гі өндіріс бөлімінің басшысы Жуматаев М.Ж.

2. «Фито-Апифарм» ЖШС-гі бас директоры Коротков В.А.

3. «ОҚМА» АҚ оқу әдістемелік бөлімінің практикаға жауапты әдіскері Абилкасимова Б.А.

4. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы. 

5. 3 курс студенттері. 

1345 2

Студенттер өндірістік тәжірибе туралы есеп берді: 

Конференция барысында 3 курс студенті Исмайл-оглы Мелек өндірістік практика барысында игерген дағдылар бойынша презентация жасап «Зерде Фито» ЖШС-нің жұмысы бойынша қатысқандарға видеоролик көрсетті. 

1345 3

«Фито-Апифарм» ЖШС өткен студенттердің ішіндегі Гайбуллаев Сухраб, Өтей Нұрғалым, Төрегелді Жақсыгүл компания жұмысы туралы видео көрсетіп өздерінің игерген дағдылары бойынша презентация көмегімен ақпаратты баяндады. 

1345 4

«Экофарм интернейшнл» ЖШС-де өндірістік практиканы өткен Исмагулова Дамира сол өндірістің ерекшеліктерімен презентация таныстырып өзінің игерген дағдылары бойынша ақпаратты берді. Әр баяндаманы кафедра оқытушылары толықтырып отырды. Бір ауыздан суденттер осы үш кәсіпорынды өндірістік практиканы өтуге өте тиімді деп санады және келесі курста диплом алды тәжірибені ауысып өтуіне ұсыныс білдірді. 

1345 5

Конференция соңында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы өндірістік практика нәтижесі бойынша ойларымен бөлісті. 

05.04.2019, 21:55
318 қаралым