«Диплом табыстау – 2024» кеші

2024 жылдың 5 шілде күні Шымкент қаласы Түркістан сарайында Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен және ОҚМА басшылығының қолдауымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын академияның бітіруші түлектеріне «Диплом табыстау-2024» салтанатты мерекелік іс шарасы өтті.

Іс шараға ОҚМА АҚ ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы, Шымкент қаласы ЖОО ректорлары, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты ауруханалардың бас дәрігерлері, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен қалалық ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлері, Шымкент қаласы білім басқармасының өкілі және де фармация саласы компанияларының басшылары қатысты.
Мерекелік іс-шараны салтанатты түрде ОҚМА АҚ ректоры М.Рысбеков және Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек Абибуллаұлы ашып беріп, академияның бітіруші түлектеріне үздік бітірушілердің дипломдарын табыстады.

Ары қарай құттықтау сөзді Шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасының профессор міндетін атқарушы Алдешов Алмас Алдешұлы және Фармация ісін ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика бағытындағы диссертациялық кеңес төрайымы-Шертаева Клара Жолбарысовна үздік дипломдарды табыстап, білім алушыларға жылы лебіздерін білдірді. Факультет декандары Интернатура, Жалпы медицина, Фармация түлектеріне диплом табыстады.
Кештің соңы республикалық эстрада әншілерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға жалғасты.
Бітіруші түлектерді диплом алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

09.07.2024, 10:43
785 қаралым