Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» халыққа үндеу жасады.
Мемлекет басшысы отандық денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударды. Кадрларды даярлау жүйесін дәйекті түрде жетілдірген жөн. Бұл тек медициналық жоғары оқу орындарына ғана емес, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтарына, барлық меншік нысанындағы медициналық клиникаларға, алғашқы медициналық-санитариялық көмек мекемелеріне де қатысты.
Қазақстан Президенті медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көп бейінді университеттік ауруханалар мен клиникалар құрылатынын ерекше атап өтті. Тағы да – үш жыл ішінде резидентурада даярлауға арналған гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға ұлғайтылатын болады.
Аталған ақпарат Қазақстан үшін медициналық және фармацевтикалық бейіндегі мамандарды даярлау бойынша қызметті жүзеге асыратын Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессорлық-оқытушылық құрамының назарын аударды.
Университеттік клиникасына келетін болсақ, ЖООКББ ұйымы әкімшілігінің жоспарында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде диагностикалық орталығы бар 800 орындық көпбейінді аурухана салу бар, жоба мемлекеттік сараптамадан өтті. Көпсалалы клиника 9 деңгейден және 5 басты блоктан тұратын болады, бұл тек Оңтүстік өңірлердің ғана емес, сондай-ақ, Орталық Азияның да халқына қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сол арқылы медициналық туризмді дамыту қажет.
Қазақстан халқына Жолдауы әділетті мемлекет, біртұтас ұлт және берекелі қоғам құруға бағытталған.

06.09.2022, 18:51
577 қаралым