Депутаттармен кездесу
2022 жылдың 02 қараша күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы үлкен мәжіліс залында «Жаңа әділетті Қазақстан» тақырыбында президент сайлауы бойынша кездесу өтті. Аталған кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының орынбасары М.О.Қалмұратов және Шымкент қалалық Пушкин кітапханасының директоры Н.Романова, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Т.Жолдыбаева, ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Ісшараны «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының орынбасары М.О.Қалмұратов ашып беріп, келген қонақтармен таныстырды. Сөз кезегін алған Шымкент қалалық мәслихат депутаты Т.Жолдыбаева: «20 қарашада Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи күн болады. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір адам өз таңдауын жасап, осы сайлауға атсалысуы керек» деп айтып өтті