«ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ – САУ БАЛА, САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ»

2025 жылдың 7 ақпанында Ө.Жолдасбеков атындағы IT мектеп-лицейінде «Денсаулықты сақтау» жобасы аясында «Жалпы тәжірибелік дәрігері -2» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Досыбаева Г.Н., медицина магистрі Отумбаева Е.Т. және 704 топ интерндері ұйымдастырған іс-шара өттті.
Жобаның мақсаты – жасөспірімдер арасында денсаулықты сақтау мәдениетін насихаттау. Денсаулықтың 50%-ы өмір салтына, 20%-ы экологияға, 20%-ы генетикаға және 10%-ы денсаулық сақтау жүйесіне байланысты екені белгілі. Жасөспірім кезеңінде әлеуметтік-биологиялық факторлар, ал жастан өткен сайын әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен адамның мінез-құлқы маңызды рөл атқарады.
Жасөспірімдердің денсаулығына темекі шегу, алкоголь, дұрыс емес және зиянды тамақтану, гиподинамия, есірткі заттарын пайдалану, дәрі-дәрмектерді шектен тыс пайдалану, сондай-ақ интернетке тәуелділік теріс әсер етеді. Іс-шара 8-9 сынып оқушыларына арналған. Формат түсіндіру әңгімелері, ашық сұрақ-жауап, презентациялар, бейнероликтер, сауалнамалар, пікірталастар және мотивациялық ойындарды қамтыды. Конкурс жеңімпазына пайдалы сыйлық – фонендоскоп табыс етілді. Темекі құрамындағы заттардың, энергетиктердің және гаджеттерге деген шектен тыс қызығушылықтың зиянына ерекше назар аударылды, интернетке тәуелділіктің қауіптері мен оның алдын алу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, болашақ дәрігерлер үшін кәсіби бағдар беру әңгімелері өткізілді.

Мектеп қызметкерлері мен оқушылар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, жобаны жалғастыруға ниет білдірді. Іс-шараға интернатура деканы, PhD докторы Кемельбеков К.С., профессор Досыбаева Г.Н., медицина магистрі Отумбаева Е.Т. жоғары баға берді. Мектеп директоры ЮКМА-ның І-ЖТДҚ-04-23 тобы интерндерінің: Абдразахова М.Е., Бахтыбай Ұ.М., Қожамберді А.Б., Тұрлыбаев М.А., Темір Н., Жанысбайұлы Е., Қарақожаев С. жұмысына ерекше назар аударды.
Түсіндіру жұмысы жасөспірімдер арасында денсаулықты сақтау мәдениетін насихаттауға елеулі үлес қосты.

20.02.2025, 10:59
60 қаралым