Денсаулық зор байлық

27 сәуір 2022 жылы «Мейіргер ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Денсаулық зор байлық» тақырыбында денсаулық акциясы өткізілді.

«Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық - байлық негізі» демекші, адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.

Халқымыз «Дені саудың - жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі - салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние.

«Денсаулық - зор байлық» дейді қазақ. Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор.

Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз. Осы орайда «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжімізде әр жылда «Денсаулық зор байлық» деген ұранмен салауатты өмір салтын насихаттайтын акциялар өткізіліп тұрады.

«Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.б. бағытталған» делінген.

Осыған орай, кафедра ұжымы және колледжіміздің белсенді студенттері Орталық саябақта және Шымкент қаласының көрнекі орындарында «Денсаулық зор байлық» ұранымен халыққа кітапшалар таратты. Және Орталық саябақта үлкен көлемде көрермен жинап, флешмоб ұйымдастырылды.

29.04.2022, 17:22
688 қаралым