Денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен кездесу!

2022 жылдың 08 маусым күні Оңтүстік Қазақстан медицина академияның кіші мәжіліс залында Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласының ардагерлері: медицина ғылымдарының докторы, профессор, Шымкент қаласының құрметті азаматы Байдаулет Иманәлі Оспанұлы, медицина ғылымдарының докторы, ОҚМА кардиология және терапия кафедрасының профессоры Әбсейітова Сәуле Райымбекқызы және жоғары санатты дәрігер-ұйымдастырушы Жұмағұлов Келесбай Боранбайұлымен кездесу өтті. Кездесуге академия қызметкерлері қатысты. Іс шараны академия ректоры, профессор М.Рысбеков ашып беріп келген қонақтармен таныстырды.

Сөз кезегін алған профессор Байдаулет Иманәлі Оспанұлы академияға келіп кызметкерлермен кездесуге куанышты екенінін білдіріп, өзінің еңбек жолындағы қиыншылықтары мен қызықты сәттері жайлы бөлісті. ОҚМА кардиология және терапия кафедрасының профессоры Әбсейітова Сәуле Райымбекқызы «Қазақстан халқына кардиологиялық көмек көрсету тарихы» атты баяндамасын оқыды.

Кездесу соңында Байдаулет Иманәлі Оспанұлы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында шыққан «Ғасырға бергісіз 30 жыл» тұғырлы тұлғалар естеліктері атты кітапты сыйға тартты. Келген қонақтар Студенттер емтихан тапсырып отырған тестілеу орталығын, тәжірибелік дағдылар орталығын аралап, онда орналастырылған заманауи медициналық құрал-жабдықтармен танысты. Және де 1000 орындық клиниканың макетімен танысып, мұражайларды аралап, академия ұжымының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

09.06.2022, 17:45
471 қаралым