Денсаулық саласындағы өзге ұлт өкілдері арасындағы республикалық байқау
2022 жылғы 14 қазан күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған медицина саласындағы өзге ұлт өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты республикалық байқауы Қарағанды жерінде өткізілді.
Байқауға еліміздің 17 өңірінде іріктеуден өткен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері – медицина саласындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, денсаулық сақтау саласы ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Шымкент қаласының намысын қорғауға ОҚМА-ның медицина факультетінің 2 курс В-ПО-03-21 тобының студенті Рустамжанов Сардорбек Тахиржанович.
Республикалық байқау төрт кезеңнен тұрды. Алғашқысында қатысушылар өз өнерлерін көрсетсе, екінші бөлігінде қазақтың мақал-мәтелдері бойынша білім сынасты. Бұдан кейін экрандағы ұяшықтарда көрсетілген тақырып төңірегінде ой өрбітті. Ең соңында бір минут ішінде жиырма сұраққа жедел жауап беру бойынша сайысты.
Қазылар алқасының қызу талқылауынан кейін бәйгенің І орынын Рустамжанов Сардорбек иеленіп, 200 мың теңгенің сертификатымен марапатталды. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір соққан отандастардың мемлекеттік тілге деген құрметіне тағы да бір еріксіз тәнті болдық.
Рустамжанов Сардорбек Тахиржановичты шын жүректен құттықтаймыз!!!